Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының республикалық қоғамдық штабы құрылды

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2016
  • 1208

«Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының республикалық қоғамдық штабы құрылды. Енді партияның ауыл дәстүрін жаңғыртуға бағытталған бағдарламасы кеңінен таныстырыла бастамақ. Үгіт-насихат жасау бөлімдері облыс орталықтарында да ашылады.

Бүгін осыған орай партия Қоғамдық кеңестің төрағасын сайлап, мүшелерін бекітті. Штаб құрамына партия өкілдерімен қатар, қоғам қайраткерлері мен белсенділері және үкіметтік емес ұйымның өкілдері де кіріпті. Бұл жолы «ауылдықтар» қатарынан Парламент Мәжілісінің депутаты атануға 19 мүшесі үмітті болып отыр.

Әли Бектаев, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы:

Республикалық және қоғамдық штабтың жұмыс жоспары бекітілді. Атқарылатын іс-шаралардың нақты күнтізбелік бекітіліп, ол да өңірлерге жеткізіліп отыр. Республикалық штабтың жұмыс жасауына барлық мүмкіндіктер де жасалды. 

Құралай ПИОНЕР