«Нұрлы жол» бағдарламасы
аясында 200 мың жұмыс орны ашылады деп күтіледі. Жалпы бағдарлама жеті ірі
жоба іске асыруды көздейді. Ол Батыс
Еуропа- Батыс Қытай тас жолы және
Астана - Алматы, Астана - Өскемен, Астана - Ақтөбе - Атырау, Алматы -
Өскемен, Атырау - Жезқазған - Қызылорда бағытында алты жолақты байланыс орнату.
Сондай ақ, Екібастұз - Семей - Өскемен мен Семей - Ақтөбе - Талдықорған - Алматы
арасында жоғары кернеулі электр желілері тартылады.
Мұның барлығына іске
асыратын жұмыс күші қажет. Оған қоса экономиканың басқа салаларына серпін береді деп болжанған. Құрылыс
материалдары, цемент, битум шығару, басқа да қосалқы қызмет көрсету салалары
дамиды. Жүк айналымы артады. Қалтарыста қалып қойған кейбір өңірлермен
барыс-келіс орнамақ.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ