Байқоңырдан кезекті «Протон-М»
зымыран-тасығышы ұшырылды. Оған ресейлік «Экспресс-АМ7» байланыс спутнигі тиелген,- деп хабарлады
Интерфакс. «Роскосмос» өкілі «Протонның» есепті уақытта аттанғанын мәлімдеді.
Құрамындағы «Бриз-М» үдеткіш блогы мен «Экспресс-АМ7» ғарыш аппаратының бөлінуі
Астана уақытымен 04:14-ке белгіленген.
Ал спутниктің өзі үдемелі блоктан 13:18-де бөлінеді, -деді «Роскосмос» өкілі.
«Экспресс-АМ7» ғарыш аппаратын еуропалық Airbus DS компаниясы жасаған. Оны дайындауға Ресейдің «Ғарыштық байланыс»
федералды кәсіпорнының спутниктік байланыс операторы тапсырыс берген.
«Экспресс-АМ7» жер серігі телерадиохабарларын тарату,
кеңжолақты интернетке қол жеткізу,
жылжымалы байланыс қызметтерін көрсетуге арналған. «Бриз-М» үдеткіш
блогы спутникті биіктігі 36 мың шақырымдық геостационарлық орбитаға шығарады.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА