Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуроодаққа мүше бірқатар елдер антиресейлік санкцияларға қарсы

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2015
  • 865

Еуроодаққа мүше Италия, Грекия, Кипр, Испания, Австрия, Венгрия мен Словакия елдерінің басшылары Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуге қарсы.

Бұл туралы «Блумберг» агенттігі хабарлады. Лондондағы Еуропалық реформалар орталығының сыртқы саясат бойынша директоры Иан Бондтың пікірінше, Ресейге қатысты санкциялар мерзімі біткен соң, аталған елдер шектеу уақытын созудан бас тартуы әбден ықтимал.

Еуропалық одақ елдері санкцияларға қатысты ұстанымдарын бүгін Брюссельде өтетін саммитте білдірмек. Еуропа Саяси зерттеулер орталығының жетекші маманы Стивен Блокманстың айтуынша, бүгінде антиресейлік санкцияларды қолдамайтындар қатары артуда.

Жұрағат БАМАН