Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар міндетті сақтандырусыз-ақ тегін медициналық көмек ала алады - ҚР ДСӘДМ

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2016
  • 1636

Қазақстандықтар міндетті сақтандырусыз-ақ тегін медициналық көмек ала алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов мәлімдегендей, көрсетілетін қызметтер қатарында жедел медициналық көмек, жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары бар. Мұндай қызмет түрлерінің ақысы толығымен мемлекет тарапынан төленеді. Өзге емдеу шаралары медициналық сақтандыру пакетіне енгізілмек.

Елжан Біртанов міндетті медициналық сақтандыру қоры биыл құрылатынын айтты. Келесі жылы аталған қорға жарналар түсе бастайды. Ал шілде айынан бастап қазақстандықтарды емдеу шараларына кеткен шығын осы қордан төленеді. 2021 жылға дейін міндетті медициналық  сақтандыру қорына бір триллион теңге жиналады деген жоспар бар.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі:

5 институционалдық реформаның 80-ші қадамында Елбасы осындай тапсырма қойды - елімізде әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу. Дүниежүзіндегі басқа мемлекеттер тәжірибесін де енгізіп жатырмыз. Мысалы, Словакия, Чехия тәжірибесін, сондай-ақ халықаралық мамандармен жұмыс істеп жатырмыз.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА