Сайлауалды үгіт-насихат
жұмыстарын 26-наурызға дейін бастаған кандидат - саяси додадан шығуы ықтимал. Бүгін
Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте комиссия мүшесі Татьяна Охлопкова
осындай ескерту жасады.
Айта кетейік, президенттік сайлауға кандидат ретінде
азаматтарды тіркеу 25-наурызда аяқталады. Әзірге, ресми түрде тіркелген
кандидаттар саны үшеу. Ол - Нұрсұлтан Назарбаев, Тұрғын Сыздықов және Әбілғазы Құсайынов.
Тағы 4 азамат қол жинап жүр. 25-наурызда ресми тіркелген азаматтарға арнайы куәлік
беріледі. Ал, 26-наурыздан бастап олар үгіт-насихат жұмыстарын бастайды. Айта
кетейік, Президент сайлауына түсуге осы жолы 27 адам ниет білдірген еді. Оның
екеуі-әйел.
Ал, 2005 жылғы сайлауда 18 үміткердің 3-еуі, ал, 2011-жылғы
Президент сайлауында 22 үміткердің 4-еуі әйел болған. Еске салайық, Қазақстан
президенті сайлауы 26-сәуірде өтеді.
Тоғжан АМАНАЛИЕВА