Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев өз кандидатурасын қолдау үшін құрылған республикалық қоғамдық штаб жұмысымен танысты

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2015
  • 1297

Мемлекет басшысы өз кандидатурасын қолдайтын республикалық қоғамдық штаб жұмысымен танысты. «Кеңес барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды штабының жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед Мемлекет басшысын электоралдық науқан міндеттерін жүзеге асыру барысымен таныстырды», - деп, Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Сайлауалды штаб жетекшісі бүгінде республикалық, облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі арнайы штабтар жүйесі құрылғанын айтты. 


Келтірілген дерек бойынша, бас штаб құрамында 161 адам қызмет етеді. Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді тұлғалары саны 29 мыңнан астам адамға жеткен. Штаб жұмысын қолдауға 50 мыңға жуық ерікті ниет білдірген. Бүгінде барлық облыс орталықтарында, 87 қалада, 176 ауданда және 6841 ауылда әзірлік жұмыстары жүргізілуде . 

Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабы жетекшісі:

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Түйіндеп айтар болсақ, сіздің сыннан өткен серіктеріңізден тұратын республикалық және облыстық штаб мүшелері мен сенімді өкілдеріңіз президент сайлауына тас түйін дайын. 

Жұрағат БАМАН