Русский Сайттың толық нұсқасы

Беларусь президенті Александр Лукашенко жұмыс сапарымен Астанаға келді

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2015
  • 1145

Беларусь президенті Александр Лукашенко бүгін жұмыс сапарымен Астанаға келді. «Лауазымды мейманды әуежайда Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев пен Сыртқы істер вице-министрі Самат Ордабаев қарсы алды», - деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Іссапар шеңберінде Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко екі жақты кездесу өткізеді деп күтілуде. Екі мемлекет басшылары күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқыламақ. Сонымен қатар, ертең Лукашенко Қазақстан, Беларусь және Ресей басшылары қатысатын үш жақты кездесуге қатысады деп жоспарланған.

Айгүл ӘДЕПБАЙ