Русский Сайттың толық нұсқасы

Ангела Меркель Мәскеуді санкциядан босатуға әлі ерте деп есептейді

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2015
  • 818

Германия канцлері Ресейді санкциялардан Украина бойынша Минск келісімі толық орындалғанда ғана босатуды ұсынады. Ангела Меркель Брюссельде өтетін Еуропалық одақ саммитінде осындай мәлімдеме жасамақ деп хабарлайды Риа-Новости. Германия лидерінің ойынша, Донбасстағы жағдайды реттеу жөніндегі уағдаластықтың тек бірінші пунктін орындағаны үшін, Мәскеуді санкциядан босатуға болмайды.

18 наурызда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков арадағы келісімді бұзған Киевті елемей, тек Ресейге қысастық көрсету қисынсыз деген. 12 ақпанда Минскіде Донбасстағы жағдайды реттеуге қатысты «Норманд төрттігі» елдерінің лидерлері кездесті. Ресми Киев, Еуропалық одақ және Америка Құрама Штаттары Украинаның ішкі шаруасына кіріскені үшін Ресейді талай рет айыптаған. Ресей тарапы онымен келіспейтінін және Украинаның саяси, экономикалық дағдарыстан шыққанына мүдделі екенін мәлімдеген.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ