Русский Сайттың толық нұсқасы

Мұнай құны құлдыраған тұста мемлекеттер үнемдеуге көшті

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2016
  • 1658

Қазақстанда девальвациядан кейін қолға алынған шаралар нәтиже берсе, ЖІӨ 1,5%-ға артып, бюджет тапшылығы  3,3%-дан 2,6%-ға дейін азаюы тиіс. Бұл туралы Вести ру сайтына шыққан мақалада жазылған. Олар жекешелендіру мен инвесторлар тартудан түсетін табысты айтып отыр. Басылымның жазуынша, Ресейде наурыздағы рубльдің құлдырауынан соң инфляция 17%-ға жетті. Желтоқсанда ол 12,9% құраған, алайда бұл көңіл көншітетін көрсеткіш емес. Жағдайды түзеу үшін үкімет шығындарды 1,5 трлн рубльге дейін қысқартуы керек. Бұл - 19 млрд АҚШ валютасы.

ОПЕК мүшелері арасындағы ең ауқаттысы саналатын ел - Сауд Арабиясы да белбеуді қыса түскен. Түрлі субсидиялар қысқарып, оның орнын жаңа салық түрлері басты. Валюта қоры 115 миллиардқа қысқарды. Билік тіпті мұнай алпауыты Aramco-ны жеке қолға бермек. Араб әмірліктері су мен электр қуаты тарифтерін 170% дейін арттырған.

Ал мұнай құнының арзандауынан ең қатты зардап шеккен мемлекет - Венесуэла. Президент Николас Мадуро мұны "қаржылық құрдымға кету" деп бекер атамаса керек. Елде инфляция мөлшері бұрын-соңды болмаған рекорд орнатып, 275% жетті.  2016 жылы бұл мөлшер 720% болады деген болжам бар.