Русский Сайттың толық нұсқасы

Алғаш рет рет ресейлік «Стартап-тур -2015» сайысы Алматыға келді

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2015
  • 908

Бүкілересейлік «Стартап-тур» енді Ресей аумағын асып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерді қамтуға көшті. Қазақстандық озық ойлы, инновациялық жаңалыққа бейім жастар енді өз өнімдерін осы байқауға шығара алады. Ресейлік мамандар өнертапқыштар мен заманауи жаңалықтарды ынталандыратын жобаларға байқау жариялап отыр.

Бүгін Алматыдағы Менеджмент университетінің аумағында ресейлік мамандар байқаудың басталғанын ресми түрде мәлімдеді. Жұмыстар ақпараттық, биологиялық, медициналық және өнеркәсіптік технологиялар тақырыбынан ауытқымауы тиіс. Байқауға кез-келген заңды тұлға немесе жеке тұлғалар, шағын инновациялық компаниялар, ғылыми ұжымдар, ғалымдар, студенттер мен кәсіпкерлер қатыса алады. Идеядан дайын өнімге дейінгі кез-келген сатыдағы жобалар қатыса алатынын, жоба авторлары мәлім етті.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ