Бүгін
Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь басшылары Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир
Путин және Александр Лукашенко, үшжақты кездесу өткізеді. Басқосуда үш мемлекет
арасындағы өзара сауда және экономикалық ықпалдастық мәселелері қаралады.
Сонымен қатар, Президенттер әлемдік экономиканың даму үдерісі мен Украинадағы
ахуалды талқылайды деп күтілуде. Осы кездесуге қатысу үшін бүгін түнде Ресей
Президенті Владимир Путин Астанаға келді. Бұл жөнінде Қазақпарат хабарлады.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА