«Ресейлік
саясаткер Борис Немцов Charlie Hebdo журналындағы карикатураға ашық пікір
білдіргені үшін өлтірілді. Оның көзін жоюға 5 млн рубль бөлінген».
Бұл туралы «Росбалт» хабарлады.
Онда: «2015 жылдың қаңтарында Заур Дадаев, Анзор
Губашев және Беслан Шаванов «тергеу барысында анықталмаған адамдардың» - Борис
Немцовтың өлімін жоспарлау мен орындау туралы ұсынысын қабыл алды»,-
делінген.
Тергеу көрсеткендей, әлдекімнің Немцовты өлтіру жөніндегі тапсырысын
Заур Дадаев орындаған. Ал күдіктілердің бірінің - қылмыс кезінде басқа жерде
болғанын растайтын айғақтары жеткілікті көрінеді.
Яғни оның адам өліміне қатысы
жоқ болуы мүмкін. Айта кетейік, 8 наурызда саясаткер Борис Немцовты өлтірді
деген күдікпен 5 адам ұсталған. Олар - Дадаев, ағайынды Губашевтар және Бахаев.
Тоғжан АМАНАЛИЕВА