Русский Сайттың толық нұсқасы

Коммуналдық тарифтер кәсіпкерлікке кедергі болып отыр

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2015
  • 1204

Мемлекеттен кәсіпкерлерге көмек ретінде жеңілдікпен берілер несиелер қайда жұмсалады? Көпшілікті толғандырған осы сауал Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы Өскеменде өткізген мәжілісте сөз болды.

Кәсіпкерлердің айтуынша, өз ісін өрге бастыру үшін бюрократиялық кедергілермен қатар, пайызы жоғары банк несиелері, коммуналдық төлемақылар да аяққа тұсау болып отыр. Су мен жарыққа, өзге де коммуналдық қызмет үшін алынар ақы кәсіпкерлердің есін жиғызар емес.

Бұған тіпті бизнесті дамытуға берілген мемлекеттік демеуақылар мен өзге де қаражат аздық етуде, дейді кәсіпкерлер. Мысалы, тағам өнеркәсібінде коммуналдық қызметтің бағасы соңғы жылдың ішінде екі есе өсіпті.

Галина Казанцева, ШҚО Шағын және орта бизнес қызметкерлері кәсіподағының төрайымы:

Бұл бөлінген ақшалардың қайда жұмсалып жатқанын анықтау үшін мемлекет пен кәсіпкерлердің ұлттық палатасы тексеріп, анықтауы қажет. Демек, кәсіпкер жеңілдікпен несие алса да, оның барлығын қарыздары мен борышы жұтып қояды.

Жиын барысында Ресей мен Қытай нарығыдағы бәсекелестік жайы да сөз болды. Жиналғандар, «аталған елдермен шекара маңында сауда үйлерін ашу қажет»,- деді. Алайда бұл мәселеде проблемалардың шаш етектен екені айтылды.

Мәселен, бір ғана темір жол арқылы тасымалдауда, бізде жоғары тариф белгіленген. Ал бұл кедергі болмақ. Кейбір кәсіпкерлердің айтуынша, Ресейде тауар тасымалдау бізге қарағанда 2 есеге арзан.

Жоғары тариф тауар бағасына да әсер ететіні белгілі, нәтижесінде біздің тауарлар баға бәсекелестігінде жеңіліс табады.

Тимур Құлыбаев, «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы:

Монополист өзі апарады, вагондарға тиейді, содан болуы мүмкін... «ҚазТрансТемір» жекенің қолына өтсе, одан пайда бола ма, болмай ма, білмеймін. Бұл бағадан да қымбатқа шыға ма?  Онда бәріміз бірге осылай қалсын деп жазайық.

Еркін КАРИН