Русский Сайттың толық нұсқасы

«Үлкен ел - Үлкен отбасы» жобасы қоғамдық бірлікті нығайта түсуі тиіс

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2016
  • 3861

Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері «Үлкен ел - Үлкен отбасы» жобасы қоғамдық бірлікті нығайта түскенін қалайды. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде аталған бағдарламаның жүзеге асуына бір кісідей ат салысып жүрген «Астана-Бәйтерек» әйелдер клубының президенті Тамара Лавриненко осындай ойын жеткізді. Айтуынша, жоба Елбасының 5 институционалдық реформадағы азаматтық қоғамды түзу қағидатына тікелей қатысты. 

Тамара Лавриненко, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Бәйтерек-Астана» әйелдер клубының президенті:

«Үлкен ел - Үлкен отбасы» жобасы - бұл қоғамдық бірлікті қалыптастыратын ауқымды бағдарлама. Яғни азаматтық қоғамды құруға бастау болатын істің бірі. Біз көп ұлтты мемлекетпіз, сондықтан бәріміз бір отбасындай болып өмір сүруіміз керек. Сонда ғана елде, жерде, қоғамда, отбасымызда бірлік пен татулық арта түспек. 

Құралай ПИОНЕР