Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент сайлауы барысын байқаушы ретінде 13 шетелдік тіркелді

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2015
  • 1109

Қазақстан президентінің сайлауы барысын байқаушы ретінде бүгіндікке алты мемлекеттен он үш азамат тіркелді. Орталық сайлау комиссиясының отырысында бірқатар шетелдік байқаушыны тіркеу туралы қаулы қабылданды.

Татьяна Охлопкова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының  мүшесі:

Алты шет елдік мемлекет: Германия Федеративті Республикасы - екі байқаушы, Грузия мен  Израильден екі-екіден, Нидерланды корольдігі мен Хорватия Республикасынан үш-үштен және Эстониядан 1 өкіл аккредиттелді.

Енді тіркеуден өткен шетелдік байқаушыларға сәйкесінше куәлік беріледі. «Бұл тек басы ғана. Кезектен тыс сайлау барысын байқауға қатысатын халықаралық байқаушылар саны бұдан әрі арта бермек, өйткені сайлау науқанына қызығушылық жоғары», - дейді комиссия мүшелері.

Айта кетейік, наурыздың 25-і президенттікке кандидаттардың толық тізімі бекіп, 26 наурыздан үгіт-насихат жұмыстары басталады. Әзірге, ресми түрде тіркелген кандидаттар саны үшеу. Олар - Нұрсұлтан Назарбаев, Тұрғын Сыздықов және Әбілғазы Құсайынов. Тағы 4 азамат қол жинап жүр. Еске салайық, Қазақстан президентін сайлау 26 сәуірде өтеді.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ