Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттікке кандидаттықтан үміткер 9 азамат сайлауалды науқаннан тыс қалды

  • AstanaTV
  • 25 наурыз 2015
  • 1119

Президенттікке кандидат болудан үміттенген 9 азамат сайлауалды науқаннан тыс қалды. Орталық сайлау комиссиясы лингвистикалық сынаққа қатыспаған 6 үміткерді тіркеуден бас тартты. Олар өзін өзі ұсынған Якобжан Жүнісбеков, Қайрат Маишев, Айгүл Өтепова, Асылбек Амантай, Қанат Есжанов және Біржан Ділмағамбет. Соңғы екі үміткер тіл сынағынан өтуден бас тартқан. Ал үміткер Мұхамедрайым Құрсабаев, Мэлс Елеусізов және Жақсыбай Бәзілбаевтар кандидат болудан бас тартатынын жазбаша түрде хабарлаған.

Орталық сайлау комиссиясының ақпарына сай, президент сайлауына қатысатын үш кандидат белгілі болды. Олар Нұрсұлтан Назарбаев, Әбілғазы Құсайынов және Тұрғын Сыздықов. Айта кетейік, кандидаттарды тіркеу мерзімі бүгін аяқталады. Ертең үгіт-насихат науқаны басталады. Қазақстан Республикасы Президентін сайлау 26 сәуірге белгіленген.

Жұрағат БАМАН