Русский Сайттың толық нұсқасы

ЕЫҚҰ байқаушылары президенттік сайлау науқанын ұйымдастыру барысымен танысты

  • AstanaTV
  • 25 наурыз 2015
  • 1538

Орталық сайлау комиссиясы алдағы президенттік сайлау науқанында халықаралық байқаушылардың объективті жұмыс атқарарына сенімді. Комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы Демократиялық институттар мен адам құқығы миссиясының басшысы Корнелий Виллемиен Анке Йонкермен кездесуде осылай деді. Төраға сондай-ақ құрамына 430 байқаушы енетін миссия басшысын сайлауды ұйымдастыру барысымен таныстырды.

Орталық сайлау комиссиясы аталмыш миссия байқаушыларымен 1995 жылдан бері бірлесе қызмет етеді. Осы уақыт аралығында бірқатар байқаушылардың ескертпелерінен кейін Қазақстанның сайлау туралы заңы 14 рет өзгеріске ұшыраған.

Марат Сәрсембаев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Олардың енді демократиялық жағынан тәжірибелері бар. Бірақ біздің өзіміздің заңдарымызға келгенде, ҚР Сайлау туралы заңын біз, әрине, өзіміз олардан жақсы білеміз, осы мына заңдардың қағидаларын, баптарын қалай түсіну керек, басқа баптарын басқаша түсіну керек дегендей, кеңесіп, жұмыс атқарамыз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ