Русский Сайттың толық нұсқасы

«Бостон терактісіне» қатысты айғақтарды жасырды деп айыпталған қазақстандықтарды отанына жер аударуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 25 наурыз 2015
  • 926

«Бостон терактісіне» қатысты айғақтарды жасырғаны үшін айыпталған екі қазақстандық, егер қорғаушы тарап олардың айыпталушы ретінде өтеген мерзімімен келіссе, отанына қайтарылуы мүмкін. Бұл туралы «Астана» телеарнасына Азамат Тәжаяқовтың әкесі - Әмір Исмағұлов - телефон арқылы хабарлады.

АҚШ прокуратурасы барлық айыптарды алып тастау туралы шешімін 18 наурызда шығаруы тиіс-тін. Алайда, қадағалаушы орган, «Царнаевтың ісі» бойынша сотта Азамат Тәжаяқов сөйлеуі тиіс болғандықтан, уақытты кейінге шегеруді сұрады. Азаматтың әкесі, «Бостон террорисінің» ісі қазақстандық азаматтардың ендігі тағдырына еш қауіп төндірмейтініне сенімді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық студенттер тек қаржылық айлакерлікке қатысты бап бойынша айыпталған болатын. Кейіннен қорғаушы - 3 адамның өмірін қиған лаңкестікке екі студенттің қатысы жоқ екенін дәлелдеп шықты. Ақырында судья, Царнаевтың бөлмесінен алынып, қоқысқа лақтырылған сөмке - қылмыс айғағына немесе жасырын мәліметке жатпайды, деп шешті.

Әмір Исмағұлов, Азамат Тәжаяқовтың әкесі:

Олар бізден тағы да уақыт сұрады. Царнаевтың сотында Азаматтың сөйлегенін қалайды. Мен оларға ұлымды алып кету үшін баратынымды айттым. Азаматтан да, Диастан да барлық айыптар алынып тасталуы тиіс. Бірақ прокуратура, олардың орнына өзге айыптар тағылады деді. Сондықтан олар, біз бас тартпайтындай, ұсыныс айтулары керек. Балаларымыз бостандыққа шығуы үшін, айтқан ұсыныстарына келісеміз.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ