Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін Қазақстан президенттігіне үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын бастайды

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2015
  • 1334

Бүгін ҚР Президенттігіне ресми тіркелген 3 кандидат өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын бастайды.

Орталық сайлау комиссиясы өткізген кезекті брифингте, «Нұр Отан» партиясы атынан Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстанның Коммунистік халық партиясы атынан Тұрғын Сыздықов, сондай-ақ кезектен тыс президенттік сайлауға өзін-өзі ұсынған Әбілғазы Құсайынов кандидат ретінде тіркелгені хабарланды.

Сондай-ақ оларға 2015-ші жылғы 26-шы сәуірде өтетін президент сайлауына үміткер екенін растайтын куәлік берілген. Кандидаттар мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссиясының емтиханын тапсырып, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда талап етілетін барлық құжаттарды ОСК-ге өтізген.

Сонымен қатар, 1 млн. 60 мың теңге көлеміндегі сайлау жарнасын да төледі-деді комиссия хатшысы Бақыт Мелдешов.

Бақыт Мелдешов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

Бұл азаматтарға кандидат ретінде жеке куәлік берілді, комиссия отырысында, енді бюллетеньге осы азаматтар енгізіледі. Одан кейін оларды бюллетеньнен алып тастауға құқымыз жоқ. Болмайды.

Тоғжан ОСПАНБАЕВА