Русский Сайттың толық нұсқасы

«Саяси әлеуметтік зерттеулер институты» президент сайлауына орай халық арасында жүйелі түрде сауалнама жүргізуде

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2015
  • 1585

Алдағы бір екі күнде «Саяси әлеуметтік зерттеулер институты»  президент сайлауына қатысты жүргізілген сауалнаманың алғашқы қортындысын жариялайды. Бұл туралы институт директоры Айгүл Сәдуақасова мәлімдеді.

Айтуынша,сауалнама әр апта сайын телефон арқылы жүргiзіледі. 20 наурызда басталған алғашқы кезеңнің нәтижелерi белгiлi болатын күн де таяу. Ал сәуірде экспресс-сауалнама үш кезең бойынша өткізіледі.

Сайлау күні де сарапшылар халық пікірін зерттемек.

Айгүл Сәдауқасова Саяси әлеуметтік институтының директоры:

26 сәуір сағат 8-нен бастап 1-ші толқынын бастаймыз. Күн бойы төрт осындай толқын өткізіп отырамыз. Және күннің аяғында бірінші нәтижелер бізге белгілі болады деп жоспарлап отырмыз. Және сағат 12-де сайлау күні аяқталған күнде ақпараттық құралдар арқылы біздің негізгі партнер арқылы ақпаратты таратып және жалпы халыққа осы біздің мәліметтер жария болады деген ойдамыз.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА