Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған шара өтті

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2015
  • 1742

Қостанайдағы Достық үйінде «Бір ел. Бір халық» атауымен аймақтық фестиваль өтті. Мәдени шара Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма жылдығына арналды. Фестиваль аясында өнер сайысы өткізіліп, онда 16 ұлттық-мәдени бірлестіктер бақ сынады.

Татулық пен бірліктің шаңырағына айналған Достық үйінде 18 этно-мәдени орталық жұмыс істейді. Тобыл өңірінде өткен фестивальге басқа да аймақтардан өнерпаздар қатысты. Олар өздерінің ұлттық әндерін шырқап, билерін нақышына келтіріп орындады.

Әсіресе, сахнада шығыс әуендерін сайратқан тәжік пен өзбек ұлтының өкілдері көпшіліктің көңілін көтерді. Мәні зор мәдени шараның басты мақсаты ел бірлігі мен ұлтаралық достықты нығайту,- дейді қатысушылар.

Эргашвой Холметов, «Шарқ» тәжік-өзбек этномәдени орталығының төрағасы:

Біз бүгін өзіміздің өнерімізді көрсетіп, әнімізді айтып, биімізді билеп жатырмыз.Осы үлкен мерекеге «Шығыс» халықтарының өлеңдерін тарту еттік. Бірлік бар жерде - тірлік бар. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Заңғар САНАЙ