Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды үгіт-насихат тобы жұмысын бастады

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2015
  • 2536

Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау форумы бүгін Астанадан бастау алып, аймақтарда жалғасты. «Нұр Отан» партиясының Атырау, Қостанай және Павлодар облыстарындағы өкілдері ел-жұртты 26 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдауға үндеді.

Жалынды сөздер, ұранды үндеулер - тарихи һәм саяси науқанның басталып кеткенінің белгісі. Билік партиясы өз үміткерінің үгіт-насихатын ел көлемінде жүргізуге кірісті. Саяси тартысқа түскен Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабын Мұхтар Құл-Мұхаммед басқарады.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабы жетекшісі:

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Елбасы ғана емес, әлем таныған, әлем мойындаған дана саясаткер, аса көрнекті мемлекет қайраткері. Ендеше біз 26-сы күні бәріміз, бір кісідей, барша қазақстандықтар, сайлау учаскесіне келіп, ең алдымен өзіміз үшін, өзіміздің балаларымыз бен немерелеріміз үшін, өзіміздің отбасымыз үшін, өзіміздің болашағымыз үшін, қазақ елі мәңгілік болуы үшін, Қазақстанымыз үшін дауыс береміз.

Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау білдіруге жиналған форумда қоғам, мәдениет, ғылым саласы қайраткерлері, жастар мен президент сайлауын өткізуге бастамашы болған - Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері бар. Аталмыш іс-шара электоралды науқан алдында бүгінгі Мемлекет басшысының жақтастарын тағы бір серпілтіп, қатарын бір шолуға бағытталған. 

Бақытжан Ертаев, Халық қаһарманы:

26 сәуірде бәріміз бір болып, бәріміз жұмылып, бүкіл елге мәңгілік Қазақстан, тағы да Нұрсұлтан Әбішұлын сайлауға көзіміз жетеді.

Астанадағы форумда сөз алған әрбір баяндамашының жалынды сөздері жиналғандар тарапынан қызу қолдау тауып жатты. Депутаттар, кәсіпкерлер, өнер өкілдері, Қазақстан халқын 26 сәуірде бірінші кезекте тұрақтылық пен тыныштық үшін дауыс беруге үндеді. Бұл құндылықтардың сенімді кепілі - Нұрсұлтан Назарбаев дейді олар. Астанадан бастау алған қолдау акциясы өңірлерде жалғасты. Президент сайлауы - халық қалауы, деген жұртшылық, әрбір қазақстандықтың дауысы ел болашағы үшін маңызды деп біледі. Кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық штабының жетекшісі, бүгінгі шаралар ауқымды еңбектің тек бастауы дейді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ