Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада тұрғын үйдің қирау фактісі бойынша бас мердігердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2015
  • 1255

Қызылордада тұрғын үйдің қирау фактісі бойынша бас мердігер – «Дәнекер» компаниясының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, «Шұғыла» мөлтек ауданында, «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан алты үйдін құрылысы уақытша тоқтатылды.

Бұл жайында арнамызға облыс әкімі аппаратының жұмылдыру жұмыстары және дағдарыс жағдайындағы шұғыл талдау орталығы басшысы мәлімдеді. Шүкіров көшесінің тұрғындары әлі де үрей құшағында.

Олардың айтуынша, көшеден естілген қатты гүрсілден, жұрт аулаға жүгіріп шыққан. Осы кезде не болғанын түсінбей, көтерілген шаңнан көз аша алмадық дейді.

Марат Еспенбетов:

Қатты дүрсілден далаға атып шықтық. Біздің айналамызда құрылыс жүріп жатқан. Қарасақ, үйлердін бірі төртінші қабаттан біріншіге дейін опырылып түсіпті.

Өткен жаңалықтарда хабарлағанымыздай, 25-наурызда шаһардағы құрылыс алаңында салынып жатқан көп қабатты баспана қирады. Ресми орындар бір құрылысшы қаза тауып, екеуі жарақаттанғанын хабарлады.

Алты үйден тұратын кешен құрылысын «Дәнекер» құрылыс компаниясы «Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында өткен жылдың желтоқсан айында бастаған.

Жасұлан Шынтасов,«Жұмылдыру жұмыстары және дағдарыс жағдайындағы шұғыл талдау орталығы» басшысы:

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 279 бабының 1 тармағына сәйкес қылмыстық іс жүргізілуді. Бес қабатты салынып жатқан ғимараттың үшінші қабатына келгенде тиісті құрылыс заңдылықтары немесе құрылыс құралдарының сақталмауына байланысты болу жөнінде болжам бар.

Шәрипа САҚТАПОВА