Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрлан Қаппаровтың денесі Алматыға жеткізілді

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2015
  • 1287

Нұрлан Қаппаровтың денесі Алматыға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Марқұмның денесі Бейжіңнен арнайы рейспен жеткізілді. Борт Алматыға шамамен таңғы 5.30-да келді. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының кенеттен қайтыс болған басшысын ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең Алматыда Ұлттық ғылым академиясында өтеді.

Кеше СІМ баспасөз қызметі Нұрлан Қаппаровтың Бейжіңде, іс сапарда жүрген уақытта қайтыс болғанын хабарлады. Оның жүрегі тоқтап қалған. Нұрлан Қаппаров 1970 жылы 30 наурызда Алматыда дүниеге келген.

Әр жылдары Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі, Қоршаған ортаны қорғау министрі қызметтерін атқарды. 2014 жылдың 7 тамызынан бері «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясын басқарды.

30 наурызда 45 жасқа толар еді.

Мөлдір ДЮСЕКИНА