Русский Сайттың толық нұсқасы

Франциядағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстары Барселонаға келді

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2015
  • 1035

Францияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған Airbus A-320 әуе лайнерінің автопилоты көлікті тиісті межеден яғни, 30 метрлік биіктіктен де төмендеткен - деп хабарлайды Reuters. Дюссельдорф прокуратурасының дерегінше, ұшақтың құлауына екінші ұшқыш, 28 жастағы Андреас Любиц әдейі жол беруі ықтимал.

«Қара жәшіктен» алынған аудиожазбада оның капитан шығып кеткенде кабина есігін жауып, ұшақты төмендеткені анықталған. Францияда марқұмдардың жеке басын анықтау жұмыстары басталды. Альпі тауларында апатқа ұшыраған Airbus A-320 ұшағында 18 елдің азаматы болған.

72 жолаушы Германия азаматы, 51 жолаушы италиялықтар деген дерек жарияланды. Бұған қоса, АҚШ, Ұлыбритания және Қазақстанның азаматтары қаза тапқаны мәлім. Germanwings әуе компаниясына тиесілі лайнер 24-ші наурызда құлады.

Оқыс оқиғадан Airbus A-320 ұшағындағы 150 адамның барлығы қаза тапты.

Еркін КАРИН