Русский Сайттың толық нұсқасы

Иемен Президенті Мансур Хади Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядқа келді

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2015
  • 3918

Иемен Президенті Мансур Хади Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядқа келді. Ол Араб мемлекеттер лигасы саммитіне қатысады- деп жазады Интерфакс. Ал, Йеменің өзінде қақтығыстар өршіді. «Сауд Арабиясы бүгін түнде хоусит көтерісшілеріне қарсы әскери операцияны жандандырды», деп хабарлайды Рейтерс агенттігі.

Ақпарат агентігі: «наразылық топтар ел астанасы Сана және Аден қалаларын басып алғаннан кейін, Үкімет осындай қадамға бел буды», деп жазады. Бас көтерген хоуситтер президент резиденциясын тонап, мемлекет басшысы Мансур Хадидің басы үшін 100 мың доллар сыйақы тағайындаған.

Еске салайық, Йеменде қауіпсіздік күші мен хоусит көтерілісшілерінің арасындағы қақтығыстардың басталғанына бір жылға жуықтады. Өткен аптада Президент сарайына бірнеше соққы жасалған еді.

Sky News Arabia телеарнасының мәліметіне сенсек, әуе соққысын «Ансар Аллах» ағымын қолдайтын шиіт басқыншылары жасаған.

Абзал ҚҰРМАНКИН