Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда автонесиелеуге жеңілдіктер жасалады

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2015
  • 875

Қазақстанда автонесиелеуге жеңілдіктер жасалады. Бұл туралы журналистермен кездесуде қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев мәлімдеді. Айтуынша, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағдарламасы аясында бұл бағытта 15 миллиард теңге бөлінген.

Бұл сома 6 мыңға жуық отандық көлікті сатуға мүмкіндік туғызбақ. Азаматтар көлікті 3 және 5 жылға 4 пайыздан аспайтын жеңілдетілген несиемен ұлттық валютада ала алады. Жеңілдетілген автонесие беру осы жылдың сәуірінде басталады.

Еске салсақ, бұл мәселені Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев та көтерген болатын. Министр, отандық автоөнеркәсіпті қолдау бағытында дағдарысқа қарсы шараларға 20 миллиард теңге бөлінетіндігін айтқан-ды.

Автокөліктердің құнына талдау жүргізілді. Республиканың әрбір өңірінде бағаның әр түрлі екенін анықтады. Сол бағаның айырмашылығы елдің әр аумағында 40 пайызға дейін пайда болды.

Бюджет қаражатының тап осындай тиімсіз жұмсалуын болдырмау үшін, Қаржылық бақылау комитеті автокөлік сатып алуға арналған шығыстарды жоспарлау кезінде, қолдануға болатын жүйелі ұсыныстар қазір әзірленіп жатыр.

Жұрағат БАМАН