Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайда автобус апатынан жарақаттанған қазақстандықтар әлі елге жеткізілген жоқ

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2015
  • 1158

Қытайдың Шыңжаң аймағында апатқа ұшыраған автобуста болған 11 жерлесіміз әлі де сол елдің ауруханасында жатыр. Олар түрлі дәрежеде дене жарақатын алған. Бірінің қабырғасы сынып, енді бірінің омыртқасына зақым келуіне байланысты төсекке таңылған. Тасымалдауға жатпайды. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінің өкілдері хабарлады. Жол апаты наурыздың он үшінде Шыңжаң-Ұйғыр ауданының Зимунай ауылы маңында болған.

Қайғылы жағдайдан 2 адам қаза тауып, 19-ы жарақат алды. Марқұмдардың мәйіті 16 наурызда елге жеткізілген. Ал жарақат алғандарға ота жасау үшін, Қытай тарапы Алтай мен Үрімші қалаларынан дәрігерлер алдыртқан. Министрлік зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына виза алуға көмек көрсетуде. 

Нұржан Айтмаханов, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

Оқиға орнына ҚР Сыртқы істер министрлігінің Үрімші қаласындағы паспорттық-визалық қызметінің, сонымен қатар 15 наурыз күні Қазақстанның Бейжіңдегі Елшілігінің Консулдық бөлім қызметкерлері келіп жеткен. Олар қазақстандықтарға жан-жақты көмек көрсету мақсатында жергілікті мемлекеттік органдармен тиісті келіссөздер жүргізді. Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. ҚР Сыртқы істер министрлігі, бұл іс бойынша әділ шешім шығару үшін, мәселені қадағалап отыратын болады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ