Русский Сайттың толық нұсқасы

Airbus A320 ұшағының командирі пилот отырған кабинаның есігін балтамен бұзбақ болған

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2015
  • 1187

Францияда апатқа ұшыраған Airbus A320 ұшағының командирі пилот отырған кабинаның есігін балтамен бұзбақ болған. Бұл жөнінде «Bild» басылымы жазады. Ондағы дерекке сүйенсек, бас ұшқыш бірнеше минутқа шығып кетеді. Ал кабинаға қайта кірмек болғанда оның есігінің жабық екенін байқайды.

Әуе кемесінің капитаны екінші пилот Андреас Лубитцтің есікті ашуын талап етеді. Алайда, ол есікті ашудың орнына ұшақты жерге қарай бағыттаған. Бір сұмдықтың боларын сезген капитан есікті балтамен бұзып кірмек болады. Қара жәшіктегі жазбада дүрсілдеген дыбыстар анық естіліп тұр. Лубитцтің үйіне тінту жүргізілген, алайда оның нәтижелерін тергеушілер жарияламай отыр.

Альпі тауларында апатқа ұшыраған Airbus A-320 ұшағында 18 елдің азаматы болған. Арасында Қазақстанның азаматтары да көз жұмғаны мәлім. Germanwings әуе компаниясына тиесілі лайнер 24 наурызда құлады. Оқыс оқиғадан ұшақ бортындағы 150 адам түгел қаза тапты.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА