Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттің өңірлерге сапары жалғасты

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2015
  • 992

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Тараз қаласында болды. Шаһардағы спорт сарайында «Қазақстан - береке мен бірліктің Отаны» форумын ашты. Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында, кардиохирургия и транспланталогия ғылыми-клиникалық орталығының жұмысымен де танысты.

Ал таңертең мемлекет басшысы Шымкентте ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға қатысты. Президент осы жерде мемлекеттің білім беру, денсаулық сақтау, жастар саясаты мәселелеріне айрықша көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Әр облыста медицинаны дамыту мәселелеріне зор көңіл бөлудің арқасында қазақстандықтардың орташа өмір жасының ұзақтығы 70-ке жеткеніне ерекше тоқталды. Мұнан соң Нұрсұлтан Назарбаев Шымкенттегі ұлттық теннис орталығында болды. Халық саны жөнінен еліміздегі алдыңғы қатардағы өңірдің бірі саналатын Оңтүстік Қазақстан облысының дамуына мемлекеттің зор көңіл бөліп отырғанын айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

1 млн халқы бар қалаға жеткіземіз деп, қазір жұмыс істеп жатырмыз. Жаңадан орталық салып жатыр. Облыс, қала арқылы темір жол, автокөлік жол дәліздері, газ құбыры - барлығы өтіп жатыр. Жол бойында бизнесті өркендетуге, халыққа жұмыс беруге үлкен септігін тигізетін болады. Облыс бойынша ауыл шаруашылық өнімдерінің әсіресе көкөністің өнімі бес жылдың ішінде 2,5 есе өсіп, үлкен экспортқа шығаратын облысқа айналып отыр қазір.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ