Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейге жалға берілген 25 мың шаршы метр жерді қайтарып алу мәселесі қаралып жатыр

  • AstanaTV
  • 30 наурыз 2015
  • 1021

 Бұл туралы Байқоңырда Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен Ресей ғарыш агенттігінің төрағасы Игорь Комаров алдын-ала келісті. Кездесу жабық есік жағдайында өтті. Облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпар бойынша, жер мәселесі оңынан шешілсе, 25 мың гектардың үш жарым мыңдайы Төретам кентіне беріледі.

Жер телімі жаңадан кент орталығын салуға, кәсіпкерлікті дамытуға және  өзге де мақсаттарда пайдаланылады. Ал Ақай кентінің аумағын кенейтуге 122 гектар жер бөлінеді.

Қалған жиырма бір мың гектардан астам жер  «Батыс Еуропа-Батыс Қытай»  көлік дәлізі бойында көлік-логистикалық инфрақұрылым салуға және «Бейнеу-Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін өткізу мақсатына қолданылады.

Сондай-ақ, басқосуда Байқоныр қаласындағы алты мектепті қазақстандық стандартқа көшіру, туризмді дамыту, Жеңістің 70 жылдығы мен «Байқоңыр» кешенінің 60 жылдығын мерекелеу мәселелері талқыланды.

Қазір «Крайний» әуежайы күрделі жөндеуден өткізіліп, Астана-Қызылорда-Байқоңыр, Алматы-Қызылорда-Байқоңыр бағыттарында әуе рейістерін ашу жұмыстары жасалуда. Бұған қоса, Байқоңырға кіруге рұқсат беретін құжаттарды дайындау жеңілдетілмек.

Шәрипа САҚТАПОВА