Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан 48 байқаушы аккредиттелді

  • AstanaTV
  • 30 наурыз 2015
  • 843

Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан президенті сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан тағы 48 байқаушы аккредиттелді. Олардың төртеуі - Норвегия Корольдігінен, үшеуі - Австрия мен Сербиядан.

Ал, Болгария мен Литвадан 2, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Корольдігінен 1 адам. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы миссиясының 30 байқаушысы да бар. Аккредиттелген барлық байқаушыларға тиісті куәліктер беріледі.

Жалпы, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын тіркеу 20 сәуірге дейін жүргізіледі. Президенттік сайлау 26-сәуірде өтетінін айта кетейік.

Марат Сәрсенбаев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Жалпы айтқанда 181 байқаушы бүгін аккредитациядан өтіп отыр. Соның ішінде 48 байқаушы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының 25 байқаушысы өтіп отыр. ТМД-ан 5 байқаушы 2 мемлекеттен және шет мемлекеттен 35 байқаушы.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА