Русский Сайттың толық нұсқасы

Өзбекстанда президент сайлауы өтті

  • AstanaTV
  • 30 наурыз 2015
  • 692

Ал Өзбекстанда президент сайлауы кеше өтті. Әзірге алдын-ала қорытындылар туралы мәлімет таратылған жоқ. Жалпы саяси науқанның өту барысына елдің Орталық сайлау комиссиясы оң баға беріп отыр.

Өйткені, сайлау басталған соң, 4 сағаттың ішінде дауыс берушілердің 37%-ы, яғни 7 жарым млн-нан астам адам өз таңдауын жасап үлгерген. Айта кетейік, бұл сайлауда билік басындағы Ислам Кәрімовпен бәсекелес ретінде Халықтық-демократиялық партия орталық кеңесінің төрағасы Хатамжан Кетмонов бақ сынады.

Олардан өзге тағы екі үміткер, «Миллий тикланиш» демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Акмал Саидов пен «Адолат» социал-демократиялық партиясы атқарушы комитетінің төрағасы Наримон Умаров та саяси додаға қатысты.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА