Русский Сайттың толық нұсқасы

Бундестаг: «Airbus A320 ұшағының апатынан соң дәрігерлік құпияларды ашу керек»

  • AstanaTV
  • 30 наурыз 2015
  • 1204

«Бундестаг Airbus A320 ұшағының апатынан соң дәрігерлік құпия талаптарын өзгерту керек»,-деген ұсыныс тастады. Яғни, кейбір мамандық иелерінің сырқаты жөніндегі құпия жариялануы тиіс. Бұл жөнінде Рейтерс жазады.

Көлік саласының сарапшысы Дирк Фишердің пікірінше, бұл әсіресе азаматтық  авиацияда қызмет ететіндерге қатысты.
Айта кетейік, Airbus A320 ұшағының апатына екінші пилот Андреас ЛУбитцтің себепкер болғаны жайлы ақпарат тараған.

Бас ұшқыш бірнеше минутқа шығып, кабинаға қайта кірмек болғанда есіктің жабық екенін байқайды. Әуе кемесінің капитаны екінші пилот Андреас Лубитцтен есікті ашуын талап етеді. Алайда, ол ұшақты жерге қарай бағыттаған.

«Қара жәшіктегі» жазбалар осыны көрсетті.
Альпі  тауларында апатқа ұшыраған Airbus A-320 ұшағында 18 елдің азаматы болған. Арасында Қазақстан азаматтары да бар. Germanwings әуе компаниясына тиесілі лайнер 24-ші наурызда құлады.

Оқыс оқиғадан  ұшақ бортындағы 150 адам түгел қаза тапты.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА