Русский Сайттың толық нұсқасы

Қара теңіз жағасындағы Аджария Республикасы қазақстандық инвестицияларды тартуға ниетті

  • AstanaTV
  • 30 наурыз 2015
  • 2621

Грузия құрамына кіретін Аджария Автономды республикасы Қазақстандық инвесторларды Қара теңіз жағасындағы Батуми қаласына қаржы салуға үндеді. Елордада бүгін басталған «Астана-Батуми» бизнес форумында Аджарияның туризм, өнеркәсіп, логистика және медицина салаларының компаниялары өз жобаларын таныстырды.

Оның ішінде өз инвесторларын күткен теңіз жағасындағы жер телімдерінен бастап, дайын құрылыс нысандары бар. Қазақстан инвесторлары үшін Аджария тың нарық емес. Мәселен, Батуми порты қазақстандық компанияның басқаруында.

Тенгиз Варшанидзе, «Батуми теңіз порты» ЖШҚ менеджері:

2008 жылдан бері Батуми теңіз порты ҚазТрансОйл компаниясының иелігінде. Осы жылдар аралығында Қазақстанның Батуми порты арқылы жүк тасымалы 6 есе артты. Жыл сайын 6 млн мұнай өнімдері мен 1,5 млн құрғақ тауар тасымалданады. Порт Қара теңіз арқылы үлкен нарықтарға жол ашып отыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ