Русский Сайттың толық нұсқасы

Қайта оралған қыс өрік ағаштарына қауіп төндірді

  • AstanaTV
  • 30 наурыз 2015
  • 1090

Шымкент те ақ көрпеге қайта оранды. Жексенбінің таңында облыс аумағында жапалақтап жауған қар, күні бойы тоқтаған жоқ. Қар  қалыңдығы таулы аудандарда 26 сантимер жетсе, қалада 11 см. Тап қазір ауа-райы аймақта минус 9 градусты көрсетіп тұр.

Ауа-райын болжаушылар дәл осындай жағдай соңғы 70 жылда болмағанын айтады. Дейтұрғанмен, бұл суық мәуе ағаштарына кері әсерін тигізуде. Екі апта бұрын ғана күнгейде жеміс ағаштары гүл ашқан болатын.   

Бексұлтан Шарахымбаев, «Қазгидромед» РМК ОҚО инженер агрометеорологы:

Алдағы уақытта біздегі ауа температурасы үш күн көлемінде теріс мағынаға өзгеретін болса ол кезде жеміс ағаштарына өз зиянын келтірмей қоймайды. Ал одан төмен яғни одан аз бір екі күн сақталатын болса үсік шалу қаупі төменірек болып келеді. Сонымен қатар қыстық бидайларға тоқталатын болсақ, бидайларға да сол өз зиянын келтірмей қоймайды. Ол кезде өнімділігін және құнарлығын азайтып қояды.

Синоптиктер бүгін-ертең аяз сақталады деп болжады. Тек сәуірдің екінші күнінен бастап қана күн біршама жылымақ.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ