Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды қоғамдық штабы Павлодар облысында

  • AstanaTV
  • 30 наурыз 2015
  • 1231

Павлодарлық кәсіпорындардың жұмыскерлер ұжымы президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайды. Бүгін кандидаттың республикалық қоғамдық штабы мүшелері Қазақстанның индустриалды орталығына табан тіреді. Жұмыскерлер Нұрсұлтан Назарбаевтың өңірдегі экономика алпауытына айналған кәсіпорындарды іске қосуға тікелей атсалысқанын ұмытпайды.

Бұл тарихи кадрлар. Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстандағы тұңғыш электролиз зауыты құрылысын бастауға нұсқау берген сәті. Еліміздің жер қойнауы алюминийге бай. Алайда республикада оны өндіретін бірде бір зауыт болмаған. Металлдың бұл түрі бүгінде жоғары сұранысқа ие. Мемлекет басшысы жобаға миллиард долларды сырттан тарта білді. Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық  қоғамдық штаб мүшелерінің Павлодар облысына сапарын нақ осы электролиз зауытынан бастауы да бекер емес.

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Шынында да осы зауыттың жетістіктері өте көп. Соның арқасында өздеріңіздің, балаларыңыздың, қасыңызда жүрген туыстарыңыздың әлеуметтік жағдайы жақсарып келе жатыр.

Алмаз Ибрагимов, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ президенті:

Мына біз, кеншілер, зауытымызды іске қосып, оған жан-жақты қолдау көрсеткен  еліміздің бас металлургі - біздің Президентімізді барынша қолдауымыз керек. Біз көшбасшымыздың жанынан табылып, күллі әлемге тонның ішкі бауындай  ұйымшылдығымызды байқатуымыз керек.

Ринат Қапанов, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ қызметкері:

Біз кемел келешегіміздің берік іргесін Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге қалаймыз. Ел аман болсын! Ел бақытына туған ер аман болсын. Жаса Қазақстан! Жаса Нұрсұлтан Әбішұлы!

Тек соңғы бес жылда Павлодар облысында 68 жаңа өндіріс ошағы  ашылған. Кәсіпорын 6 мың адамға тұрақты жұмыс берді. Мемлекеттің индустриалды бағдарламасы әлемдегі ең ірі өндірістердің қатарындағы көмір кәсіпорнының да тамырына қан жүгіртті. Кеншілер, ел басқарған Президент жұмысшылар қатарынан шыққандықтан, алдағы сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевты қолдаймыз дейді.

Николай Попов, Екібастұз аймақтық көміршілер кәсіподағы кеңесінің төрағасы:

Сіздер әлемде не болып жатқанын жақсы білесіздер. Жаһандық  саяси және экономикалық дағдарыстың толқыны  ең әуелі жұмыскерлерге әсер етеді. Нұрсұлтан Назарбаев бізді бұл олқылықтан сақтап қалды. Ол зауыттардың тоқтап, жұмысшылардың қызметінен босатылуына жол бермеуде. Біз осы үшін оны өте қатты сыйлаймыз, яғни  еліміздің көмір кәсіпорынының қызметкерлері Нұрсұлтан Әбішұлына дауыс беретін болады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ