Бүгін
Астанада Қазақстан және Ресей зиялыларының қатысуымен «Бейбітшілік пен
жасампаздық диалогы» атты форумы басталды. Оған Қазақстан Парламенті
Мәжілісінің депутаттары мен Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының өкілдері
қатысуда. Сондай-ақ, жиынға екі елдің
алдыңғы қатарлы сарапшылары мен танымал қоғам және саяси қайраткерлері де
келді.
Қаузалған басты тақырып - екі ел арсындағы ынтымақтастық. Кездесу
қатысушылары Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын
іске асыру бойынша, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау саласындағы сәтті
тәжірибесіне ерекше тоқталды. Айта өтейік, форум жыл сайын өткізіліп,
екі тараптың пікір алмасу алаңына айналмақ.
Максим
Шингаркин,
РФ Мемлекеттік Думасының депутаты:
Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты - елді
мекендеуші халықтардың мәдениетін ескеретін, әр отбасына мемлекеттік қолдаудың
барын білдіретін, жедел дамып жатқан қазіргі заманда Қазақстанға үлкен құрлықта
өз орынын сақтап қалуға мүмкіндік беретін технология.
Андрей
Туманов,
РФ Мемлекеттік Думасының депутаты:
Біз Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған
бес институционалдық реформаны зерттедік. Мен өзім әрбір тарауын мұқият оқып
шықтым. Айтарым, біз де осы бағытты таңдап, осы реформа жолымен жүріп өтеміз.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА