Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда жиі қолданыстағы 200 түрлі дәрілік заттар мен медициналық препараттардың бағасы өзгертілмейді

  • AstanaTV
  • 30 наурыз 2015
  • 1431

Қазақстанда жиі қолданыстағы 200 түрлі дәрілік заттар мен медициналық препараттардың бағасы өзгертілмейді. Тізімде қабынуға қарсы, дене қызуын басатын препараттар және антибиотиктердің кейбір түрлері көрсетілген. Бүгін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен фармацевтикалық фирмалар арасында дәрі-дәрмек бағасын тежеу туралы меморандумға қол қойылды.

«Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығының төрағасы Серік Сұлтановтың айтуынша, тұрақты баға белгіленген медициналық өнімдердің 70 пайызы - отандық, ал қалған 30 пайызы - шетелдік компаниялардың өнімдері. «Дәрілік заттардың толық тізімі бүгіннен бастап дәріханаларда ілінеді», - деді қауымдастық төрағасы.

Серік Сұлтанов, «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығының төрағасы:

Жыл сайын дәрі-дәрмекті қосып отырдық. Бірінші 2011 жылы бастағанда, 100 дәрі-дәрмек болған. Сосын 125-ке келдік, кейін 150-ге көтердік. Қазір 200-ге. Меморандумға қол қойдық қой, сол дәрі-дәрмектің барлығы бәріне белгілі болуы керек. Оны газетке де береміз, сайтқа да және әрбір дәріханаға іліп қоямыз.

Жұрағат БАМАН