Русский Сайттың толық нұсқасы

«Оқулықтағы олқылықтар» тақырыбы «Астана» арнасындағы «Кеш емес» бағдарламасына арқау болды

  • AstanaTV
  • 30 наурыз 2015
  • 1643

Қазақстанның төл оқулықтары жарыққа шыққалы да біршама уақыт өтті. Бүгінде мектеп оқушылары білім саласының арнайы бағдарламасына сай өз оқулықтарымызбен қамтылған. Әйтсе де оқулықтардың сапасына қатысты пікірлер әр алуан.

Оқулықтардағы олқылықтар жайы білім саласы өкілдерін де, қоғамды да ойландырады. Сондай-ақ мектеп бағдарламасына қосымша пәндер енгізу, 
«Тұлғатану» сынды пәнді жас буынға оқыту бастамасы бойынша да қоғам өкілдерінің пікірі бар. 

«Оқулықтағы олқылықтар» тақырыбы «Астана» арнасындағы «Кеш емес» бағдарламасына арқау болды. Бүгін кешкі сағат 23.00-де назарыңыз біздің арнада болсын.  

Базаргүл ОТЫНШИЕВА