Русский Сайттың толық нұсқасы

Иран ядролық проблемасы бойынша келіссөздер ұзаққа созылуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2015
  • 1221

Иран мен «алтылық» ядролық проблемаларды белгіленген мерзімнен кешіктірмей шешуге ниетті. Интерфакс-тің хабарлауынша, бүгін Швейцарияның Лозанна қаласында тиісті келіссөздердің шешуші кезеңі басталмақ.

Кеше Иран билігі мен «алтылық» қызу жұмыс атқарды. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри журналистерге келіссөздер дүйсенбіден сейсенбіге қараған түн ортасына дейін жалғасады деп мәлімдеген.

Ұзаққа созылған дипломатиялық кеңес Ресейдің өкілінсіз өтуде. Сергей Лавров кеше Швейцариядан Ресейге ұшып кетті. Оның орынбасары Сергей Рябков «егер жиналғандар нақты шешімге келіп жатса, министр қайтып келеді» деп мәлімдеді.

Иран тарабы болса, мәселенің бүгін шешіле қоярына күмәнмен қарайды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ