Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан шығармашылық зиялы қауымының форумы өтті

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2015
  • 1559

Астанада «Мәңгілік ел - елдің біріктіруші күші» ұранымен шығармашылық қауымның форумы жұмысын бастады. Жиынға өңірлерден 200-ге жуық зиялы қауым өкілдері келді. Форум қорытындысы бойынша шығармашылық топ өкілдері «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының негізгі рөлі туралы ортақ шешімге келгенін атап өтті, осы тұрғыда Елбасының атына резолюция жолдады.

Ал жиында сөз сөйлеген премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қазақстан мемлекетінің негізгі ұраны - мәңгілік ел, мәңгілік жол болуы керектігін атап өтті. Сонымен қатар, мәдениет пен өнерді дамытуға жыл сайын жоғары дәрежеде көңіл бөлініп отырғанын айта келе, шығармашылық қауымды ел абыройын асқақтата беруге үндеді.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер министрінің орынбасары:

Қазіргі таңда мәдениет пен өнер қызметкерлері алдында бірқатар мәселелер тұр. Ол бірінші патриоттық рухтағы идеологиялық туындылар жасау туралы. Осы жұмыстар соғы кезде ақсап қалды. Өткенде де кездесуде айтқан болатынмын. Қарігі осында отырған зиялы қауымның ең негізгі міндеттерінің бірі - бұрыңғы дәстүрді қалпына келтіріп, қазіргі егемендігімізді, тәуелсіздігімізді ескере келе, ара қарай дамыту.

Айгүл ӘДЕПБАЙ