Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда «Достық саяжолы» ашылды

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2015
  • 1111

Қызылжарда «Достық саяжолы» ашылды. «Қазақстан халқы Ассамблеясы - 20 игі іс» акциясы аясында, этно-мәдени бірлестіктер қаланың орталық саябағында 20 көшет отырғызды. Шараға жүзден аса ұлттың өкілі қатысты.

Олардың айтуынша, отырғызылған ағаштар санының 20 болуы кездейсоқ емес. Бұл Ассамблеяның 20 жылдық мерейтойымен байланысты. Тынығу орнына келген әрбір азамат достық белгісін көріп, Қазақстан жұртының тату-тәтті өмір сүріп жатқанына куә болады, -дейді этно-мәдени бірлестік жетекшілері.

Дина Әбілмәжінова, «Қоғамдық келісім» Мемлекеттік коммуналдық мекемесінің жетекшісі:

Бұл іс шара көпұлтты этностардың арасындағы достықтың, ынтымақтастықтың кепілі болмақ және бұл паркке келетін адамдардың бір әдемі көзайымына айналады деп ойлаймын. Бүгінгі күні бұл іс-шараның негізінде этно-мәдени орталықтардың өкілдері бұндай іс-шараны жылда ұйымдастыруды ойластырып отыр. Және бұл шыршаларды болашақта өздері қарап, күтіп, әрі қарай өсіріп, дамытып беретін болады.

Абзал ҚҰРМАНКИН