Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстау облысындағы құмды дауылдың соңы қарлы боранға ұласты

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2015
  • 1331

Құбылмалы ауа-райы ақтаулықтардың мазасын қашырды. Өңірдегі құмды дауылдың соңы бүгін қармен тынды. Табиғаттың бұндай мінезі Маңғыстау түбегі үшін тосын құбылыс. Осыдан бірнеше күн бұрын, тұрғындары қысқы киімдерін жеңілдетіп, ағаштар бүршік жарған Ақтауға қыс қайта оралды.

Алайда бұндай ауа-райы ұзаққа созылмайды дейді синоптиктер. Болжам бойынша алдағы жұмада сынап бағынасы +17-ге жетеді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ