Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы мәслихат депутаттарын таңдау жөнінде партия ішіндегі праймериздерді өткізді

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2016
  • 1672

«Нұр Отан» партиясы мәслихат депутаттарын таңдау жөніндегі партия ішіндегі праймериздерді өткізді. Бұл жөнінде баспасөз отырысы барысында партияның хатшысы Қаныбек Жұмашев мәлімдеді. Айтуынша, 26 қаңтар мен 4 ақпан аралығында республика бойынша 3 335 праймериз өткізілген. Партияішілік сайлауларға 340 мыңнан астам нұротандық қатысқан.

Айта өтейік, партияішілік сайлау қорытындыларына сай мәслихат депутаттығына ортақ кандидат ұсынылады. Праймериз бастауыш партия ұйымдарының базасында өткізіледі. Жеңімпаздар партиялық конференцияларда тиісті мәслихаттарға депутат болуға үміткер ретінде ұсынылады.

Қаныбек Жұмашев, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Бұл праймериздердің негізгі мақсаты - партияластарымыздың арасынан әр округтар бойынша ең лайықты, ортақ кандидатты әр түрлі деңгейдегі маслихаттарға ұсыну болып табылады. Ақпан айының 12-не дейін барлық аудандарда, қалаларда және облыстық деңгейде праймериздерден өткен жеңімпаздарды конференцияда ұсыну жұмыстары жүргізіледі.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА