Cәуірде «Жас Отан»
жастар қанатының кезектен тыс ІІІ съезі өтеді. Дәл осы жиында 2020 жылға
дейінгі «Жастар - Отанға» бағдарламасы қабылданады. Бұл туралы «Жас Отан»
жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов мәлімдеді.
Бағдарламаны арнайы құрылған
жұмыс тобы бір жыл бойы әзірлеген. «Және бұл бағдарлама жастардың өз қолымен
жазылған құжат», - дейді Сыдықов. Оның айтуынша,
наурыз айы бойында бағдарлама республикадағы 1700-ден астам жастар қанатының
бастауыш ұйымдарында кеңінен талқыланған. Бағдарламада 4 мәселеге айрықша мән
беріліп отыр.
Нұрлан Сыдықов, «Жас Отан» жастар
қанатының атқарушы хатшысы:
Дәл осы төрт
мәселе болашақта жастардың өз ісінің үздігі болуына, зор жетістіктерге жетуіне
септігін тигізетін 4 саты болып табылады. Ол, біріншіден, отаншылдық және
тұлғалық қабілетін дамыта білу. Яғни Отанын сүю. Екіншіден, білімге деген ұмтылыс. Ол
қазіргі заманның талабы болып есептеледі. Үшіншіден, еңбекке деген талпыныс.
Төртінші - отбасы құндылықтары.
Сәуірдің тоғызы және оны күндері
өтетін съезд жұмысына еліміздің барлық өңірінен екі мыңдай делегат қатысады. Олардың қатарында «Жас Отан» жастар қанатының
белсенділері, жастар ұйымдарының мүшелері, шығармашыл жастар, жас ғалымдар,
спортшылар, мәслихат депутаттары, жұмыскерлер мен ауыл жастары болады.
Тоғжан
ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ