Русский Сайттың толық нұсқасы

«ITYS» ұлттық мессенджері IOS платформасында жарық көрді

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2015
  • 997

Қол телефондарға арналған «ITYS» атты тұңғыш ұлттық мессенджер IOS платформасында жарық көрді. Айта кетерлігі, мессенджердің алғашқы үлгісі өткен жылдың қарашасында «андройд» платформасында қолжетімді болған. 

IOS платформасындағы мессенджердің өзгелерінен ерекшелігі - онда қазақша мәтін теру мүмкіншілігі бар. Сондай-ақ, «айтыстың» түсқағаздары, күлегештерінің бәрі ұлттық нақышта жасалған. Жоба авторларының айтуынша, болашақта «iTys» аясында тегін дыбыстық қоңыраулар, қазақ тілінің автокорректоры, графикалық редактор, сондай-ақ ұлттық үлгідегі жаңа анимациялар мен стикерлер қызметін қосу көзделіп отыр.

Жұрағат БАМАН