Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы хайуанаттар паркінде Қазақстан бойынша ең ұзын питон бар

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2015
  • 897

Еліміздегі ең алып жылан Алматыда. Хайуанаттар саябағында осыдан 12 жыл бұрын пайда болған бауырмен жорғалаушы қазір ең үлкен жылан ретінде тіркелді. Алматы хайуанаттар паркіндегі рептилия осы уақыт аралығында тым үлкейкеген. Мекеме қызметкерлері жақында денелі жәндіктің ұзындығын өлшепті. Мұндай ұзын жылан Қазақстанда бұрын соңды тіркелмеген. Питонның ұзындығы 4 метр 79 сантиметрге жеткен.

Қазір алып жыланға өзге елдің хайуанаттар парктері қызығып, сатып алуға өтініш білдіріп жатыр. Алайда салмағы 50 келіден асатын питонды бақ қызметкерлері Алматыда қалдыруды ұйғарыпты. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ