Русский Сайттың толық нұсқасы

Ыстамбұлда кепілге алынған прокурор ауруханада жан тапсырды

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2015
  • 1323

Ыстамбұлда кепілге алынған прокурор ауруханада жан тапсырды. Дәрігерлер бес жерінен жарақат алған Мехмет Селим Кираздың өміріне араша түсе алмады,- деп хабарлады Reuters.

Еске сала кетейік,
«Халықты азат ету революциялық партиясының" мүшелері Ыстамбұл қаласының прокуроры Мехмет Киразды кепілдікке алған болатын. Прокурор 2013 жылы жаппай тәртіпсіздік шаралары кезінде басынан жарақат алып, қайтыс болған бозбала Беркин Елванның ісі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізген.

Лаңкестер Беркиннің өліміне кінәлі тәртіп сақшысы ұсталып, тиісті жазасын алсын деп талап қойды. Сондай-ақ, олар үкіметке қарсы шеруге қатысқан жандар босатылсын, оларға тағылған айыптаулар алып тасталсын,- деді.

Беркин Елван шеру өтіп жатқан аумаққа кездейсоқ тап болған. Сол жерде жараланып, көз жұмған еді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА